Әлеумет

Көпбалалы ананың атына заңсыз несие рәсімдеген: алаяқтар банкте отыр ма?

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов мәселе көтерді.

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов көпбалалы ананың атына заңсыз рәсімделген несиелерге қатысты мәселе көтеріп, қаржы жүйесіндегі алаяқтық әрекеттерге алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы депутат өзінің қоғамдық қабылдауында шағымданған көпбалалы ана Мадина Нышанованың оқиғасы жайлы айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Алаяқтық құрбаны болған көпбалалы ана

Банктер ішіндегі сыбайластық

Мұрат Әбенов бұл жағдайды банктердің ішкі жүйелеріндегі осалдықтармен және ықтимал сыбайластықпен байланыстырады. 

Ол нақты бірнеше сұрақ көтеріп, заңнаманың бұзылған тұстарын атап өтті:

Депутат Әбенов заңнамалық деңгейде нақты өзгерістер қажет екенін айтты. Ол әріптесі Ерлан Стамбековпен бірге онлайн несиелеуді шектеу туралы ұсыныс білдіргенін, алайда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің тарапынан қарсылыққа тап болғанын жеткізді.

"Мемлекеттік органдар банктерді қорғауды тоқтатып, азаматтардың құқығын қорғауға кірісуі керек. Қаржы ұйымдарының ашықтығы мен жауапкершілігі заңмен реттелуі тиіс", – деді Әбенов.

Сондай-ақ депутат Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің де бұл мәселеде нақты қадамға бармағанын сынады.