Қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваны өлтірді деген күдікпен енесіне іздеу жарияланды
Қазіргі уақытта оның қайда екені белгісіз, ол халықаралық іздеуде жүр.
Қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваны өлтірді деген күдікпен күйеуінің анасына халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Дармштадт қаласының сотының шешімі бойынша марқұмның жұбайының анасы Наталья Донцова кісі өлтірді деп айыпталып отыр. Германия полициясы оның үстінен Германия және Еуропа аумағында қамауға алу туралы ордер шығарды. Қазіргі уақытта оның қайда екені белгісіз, ол халықаралық іздеуде жүр, – деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Еске салайық, соңғы жылдары отбасымен бірге Германияда тұрған 40 жастағы Айгүлдің мәйіті өткен жылдың маусым айында Бенсхайм қаласының шетінен табылған болатын.