дүйсенбі, 9 маусым, 2025 21:31

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Сәкен Майғазиевтің ұлының тойы неліктен ақылы өтетіні белгілі болды

Сәкен Майғазиевтің ұлының тойы неліктен ақылы өтетіні белгілі болды
instagram.com/ann_2905
Бұл туралы журналист Анна Данченко түсіндірді

Танымал әнші Сәкен Майғазиев ұлының тойын онлайн көруді неліктен ақылы еткені белгілі болды. Бұл туралы журналист Анна Данченко түсіндірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Данченко өнер иесін айыптау орынсыз екенін айтып, қаражаттың қайда жұмсалатынын алға тартты. Оның сөзінше, жиналған ақша той иелеріне емес, тікелей эфирді ұйымдастыратын сервер мен операторлардың жұмысына беріледі.

Сілтеме ақылы болады айтқан едім. Дұрыс түсініңіздер, мұны мен не ұйымдастырушылар жасап жатқан жоқ. Тойды тікелей эфирде көрсету үшін арнайы рұқсат алу керек, оның ақшасы бар. Серверге тапсырыс беру керек. Өзінің сомасы үлкен емес, мың теңгеден асады, қымбат емес. Сәкен аға ол ақшаны отбасына жаратпайды. Той тікелей эфирде 5-6 сағат көрсетіледі. Ол ПТС камерамен түсіретін ұжымға және серверге берілетін ақша, - деді журналист.

Айта кетсек, әншінің ұлы Әділеттің үйлену тойы тікелей эфирде көрсетіледі, ал онлайн трансляцияға тіркелу құны - 1380 теңге.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар