Түркістан облысы су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жинауда
«Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында арнайы штаб құрылды.
Еліміздің бірнеше облысындағы су тасқынына байланысты табиғи апат аймағындағы тұрғындарға көмек қолын созамын деген волонтерлар мен облыс тұрғындары үшін Түркістан облысы «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында арнайы штаб құрылды.
Қазіргі таңда аталған штабта гуманитарлық көмек жинау ісі басталып кетті. Сондай-ақ, облыстағы әрбір аудан, қалалардағы Жастар ресрустық орталықтарында да арнайы штаб құрылды. Оларда гуманитардық көмек жинап, су тасқынынан зардап шеккен халыққа жібереді.
«Киім-кешек, балаларға арналған жөргектер, жеке гигиена құралдары (гигиеналық төсемдер), гигиеналық заттар, азық-түлік, тұрмыстық заттар қабылданады. Гуманитарлық көмек жинау орны Түркістан қаласы, Байбұрт көшесі № 5 мекен — жайда орналасқан. Қабылдау уақыты 09:00–19:00-ге дейін жүргізіледі. Әрбір зат сұрыпталып, арнайы жәшікке салынуы тиіс. Қолданылған, ескі заттарды беруге тыйым салынады» — делінген облыс әкімдігі таратқан ақпаратта.