Әлеумет

Түркістан облысында студент қыздың мәйіті табылды

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Төрткүл ауылында қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Qaz365.kz.тілшісінің сауалына жауап берген облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше,  қыздың мәйіті 6 маусым күні сағат 07:05-те табылған. Марқұм колледждің бірінші курс студенті.

Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.Қылмыстық іс қозғалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.Қылмыстық істің тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында. Тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды, - делінген хабарламада.