
Жаңарқа тұрғын үйі көптен тұрып қалған құрылыс. Оған қатысты бірнеше маңызды проблема бар, соның ішінде су мәселесі де өзекті болып отыр. Сондықтан техникалық тексерістер жүргізілуде. Оның нәтижесі 1,5-2 ай ішінде дайын болады. Тескеріс нәтижесі бұл үй ары қарай эксплуатацияға жарамайды десе онда оны бұзуға тура келеді.
Бұған дейін біз Астананың оң жағалауында орналасқан «ЖанаАрка» тұрғын үй кешенінің су астында қалғанын жазған едік. Кешен әлі салынып бітпеген. Судың салдарынан жертөлелер мен аулалар зардап шекті — тұрғындар зең мен ылғалжәндіктердің (мокрица) қаптап кетуінен қауіптеніп отыр. Тұрғын үй кешенінің құрылысы 2022 жылдан бері тоқтап тұр, оған себеп — құрылыс салушы компания «BBS Gold» ЖШС-нің қаржылық қиындықтары.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.