
Астанада Экология күні мен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы аясында флешмоб өтті, - деп хабарлайды Oimaqnews.kz Аikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Іс-шара «Астана Арена» стадионында Қазақстан мен Андорра ұлттық құрамалары арасындағы жолдастық матчтың үзілісінде өтті. Экологиялық мәдениеттің маңызын жеткізіп, табиғатты қорғауды насихаттау үшін флешмобқа 300-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында студенттер, волонтерлер мен белсенділер бар. Жастар мыңдаған көрерменнің алдында әсерлі қойылым ұсынды.
Димаш Құдайбергеннің «Tau Ishinde» әніне жастар хореографиялық нөмір орындап, қойылым соңында «Таза Қазақстан» деп жазылған көрініс шықты. Сонымен қатар трибунада дәл осындай мәтінмен 10x15 метрлік алып Ту жайылды. Экологиялық бастаманы қолдаған жанкүйерлер Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын көтерді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Жас баланың тағдырын ойыншық қылды! Шынасылдың адвокаты үкіммен келіспейді...
- авторОймақ
- 5 маусым, 2025