жұма, 6 маусым, 2025 20:42

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қойшы болса да алдымызда жүрсе екен деп ырымдап «Қойшы­ғара» қойыпты – Қойшығара Салғараұлы

Қойшы болса да алдымызда жүрсе екен деп ырымдап «Қойшы­ғара» қойыпты – Қойшығара Салғараұлы
фото Aikyn.kz
"Мен кіндіктен жалғызбын".

– Мен кіндіктен жалғызбын. Ше­шем бірнеше құрсақ көтерсе де, бәрі шетінеп кетіпті. Кенжесі мен­мін. Қойшы болса да алдымызда жүрсе екен деп ырымдап «Қойшы­ғара» қойыпты, –  дейді жазушы Қойшығара Салғараұлы Aiqyn газетіне берген сұхбатында.– Менің әкем – жады­сы тасқа таңба басқандай мық­­ты, көрген-білгенін ұмытпай­тын ерек­ше жан еді. Есте сақтау қабілеті – бір бөлек әңгіме. Менің балалық ша­ғым­да, оның зердесін­дей зерделі адамды кезіктірмеппін. Бірақ сон­шалық қабілетпен, ол тек қой бағып жүрді. Иә, аты қойшы болғанымен, заты  қойшы болмады, тірі кітаптай еді.

Көзін жұмып алып, қисса-дастандарды толғап отыра­тын. Әлдебір ескі жырлардың ішіне еніп кететін. Тек жырмен шектел­мей, елге еңбегімен еленген азамат­тар­дың да атын атап, бізге үлгі ете­тін. Ненің ақ, ненің қара екенін, ненің әділ, ненің әділетсіз екенін сол кең далада жүріп-ақ үйретті. Ол кезде ақсақалдар нағыз дана еді. Олар ардақ тұтылатын, ар­зан сөзге бар­май­тын.

Ел тағдыр­ын таразылай­тын, сөз салмағын білетін. Мен үшін әкемнен үлкен­нің бәрі әке болды. Олардың әр ісі, әр әңгімесі – өмірге ұстаздық етті. Менің жүрегімде, менің болмысым­да сол әкенің ізі бар. Өмірде егер бір жақсылыққа ұмтылып, бір жарыққа қарай бет алсам – бұл әкем мен ше­шем­нің маған берген тәрбиесінің жемісі. Себебі адамды биік ететін ақыл мен тәрбие ғой! Абай айтқан­дай: «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек…

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар