"Ақиқат жеңді!": Асхат Садырбай бұрынғы әйелін сотта жеңіп шықты
- авторОймақ
- 5 маусым, 2025
- 58

Журналист, тележүргізуші Асхат Садырбай әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы әйелімен сот процесі аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Медиа маманы бұрынғы әйелін өзіне жала жауып, ел алдында қаралағысы келді деп айып таққан.
Ақиқат жеңді! Өтіріктің құйрығы бір ақ тұтам. Маған жала жауып, ел алдында қаралағысы келгендердің бүгін туы құлап, позициялары тас-талқан болды. Жалған ақпаратты жалаулатып тапқан нандарың сіңімді болсын! Ал құрбан ролін ойнағандардың маскасы шешілді. Сөз жүзінде емес іс жүзінде!- дейді Асхат Садырбай.
Ол айтуынша, сот процесі бірнеше айға созылған. Садырбай өзіне ақпараттық шабуыл жасалды деп есептейді.
Иә, құрметті оқырман, бүгін менің жеке басыма айтылған жалған ақпараттар, ар-намысым мен іскерлік беделіме нұқсан келтіру бойынша бірнеше айға созылған сот аяқталды. Жауапкер Қорабаева А. менің және менің отбасыма қатысты айтқан ақпараттардың біреуіне де дәлел бере алмады. Тіпті соттың бір сұрағына «өзім ойдан айта салдым» деген сыңайда жауап берді. Біреуге күлкі, біреуге өсек шығар. Бірақ бұл адамның өмірі мен тағдыры. Ақпараттық шабуыл маған және менің отбасыма ауыр тиді. Бұл сот болмас та еді. Алайда өтіріктің үстіне өтірік қосылып үдей берді. Ал, менің мақсатым біреуді соттау емес, өзімнің кінәсіз екенімді амалсыздан заң жүзінде дәлелдеу еді. Тіпті моральдық шығын да қажет емес, медиациямен шешейік дегенде де жауапкер тарап басында басқа сөйлеп, кейін қайтадан өз әдеттеріне салып кері кетті. Тіпті сот отырысына камера алып келіп шоу жасағысы келді. Қысқасы осымен тамам! Алдағы уақытта соттың ресми шешімін және қосымша ақпараттарды толық жариялаймын! Қолдаған жандарға мың алғыс. Аман болыңыздар!, – деп жазды журналист.
Айта кетейік, бұған дейін Асхат Садырбайдың бұрынғы жұбайы Айғаным Қорабаеваның үстінен Алматы қаласының азаматтық істер жөніндегі сотына талап арыз түсіргенін жазғанбыз.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.