Әлеумет

"7 бөшке" тұрғын үй кешенінің бірінен өрт шықты

Оқиға кеше кешкі уақытта болған.

Сығанақ көшесінде орналасқан «7 бөшке» тұрғын үй кешеніндегі үйлердің бірінің сыртқы қаптамасы өртке оранды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Өрт орнында өрт сөндіру штабы құрылып, тұрғындар эвакуацияланды. Жеке құрамнан 45 адам және 13 бірлік техника жұмылдырылды.

250 шаршы метр алаңды шарпыған көр сөндірілді. Үйдің 6 мен 16 қабат аралығындағы сыртқы қаптамасы мен 14-қабаттағы балконы жанған.

Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.