Қоғам

Маңғыстауда теңіз жағасынан 40 итбалықтың өлексесі табылды

Итбалықтардың өлекселері туралы бейнеролик әлеуметтік желілерде тарап кетті.

Онда зақымдалған бірнеше итбалық теңіз жағасында жатыр. Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Андрей Руцкий арнайы комиссия соңғы үш күн ішінде дауылды ауа-райына байланысты жағалауды зерттегенін айтты.

Бүгін, 29 наурызда, Түпқараған ауданының теңіз жағасында Өрдек теңіз мүйісі мен Баутин қиғашының арасынан 40 итбалықтың өлексесі табылды.

Алдын-ала тексеру жасалды. Өлекселерде дене жарақаттары, жаралар мен зорлық-зомбылық белгілері байқалмады, дейді мамандар.