Қоғам

"Қазгидромет": аптап ыстықтың беті қайтады

31 мамыр мен 2 маусым аралығындағы ауа райы болжамы жарияланды.

«Қазгидромет» синоптиктері 31 мамыр мен 2 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.

Атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болжанады: жаңбыр мен найзағай, екпінді жел, күндізгі уақытта бұршақ күтіледі. 1 маусым күндіз еліміздің оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында, 2 маусымда батысында, оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады.

Еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Батысында, солтүстік-батысында аптап ыстықтың беті қайтады. ҚР қалған аумағында ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтілуде, күндіз еліміздің орталығында, оңтүстігінде 35-40 градус ыстық болады деп болжануда.