бейсенбі, 5 маусым, 2025 16:55

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ыстанбұлда өткен Социнтерн кеңесінде ЖСДП әлем үшін күрделі  көп мәселе көтерді

Ыстанбұлда өткен Социнтерн кеңесінде ЖСДП әлем үшін күрделі  көп мәселе көтерді
ашық дереккөзден
Ыстанбұлда өткен Социнтерн кеңесінде ЖСДП әлем үшін күрделі  көп мәселе көтерді

23-25 ​​мамыр аралығында Ыстанбұлда әлемдік деңгейдегі Социалистік Интернационал Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Халықаралық шараға Қазақстаннан Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының делегациясы қатысты. Айта кетейік, ЖСДП Қазақстандағы мұндай ірі халықаралық аренада ұсынылған бір ғана  партия.

Осы жылғы шараны – Түркия Республикасының Республикалық Халық партиясы (Cumhuriyet Halk Partisi) өткізіп отыр. Кездесудің тақырыбы: «Бейбітшілік жолында бірігу, - бізге тиесілі құндылықтар мен ынтымақтастықтың жаһандық көрінісі»,-деп аталды. Күн тәртібінде цифрлық қауіпсіздік және демократияны қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес пен бейбіт тұрғындарды қорғау мәселелері қаралды. Сонымен қатар, қатысушылар әлем елдеріне әр-түрлі жағдайда әсер ететін жаһандық дағдарыс мәселелерін де талқылады.

Жиынға қатысушылар алдында сөз сөйлеген Сициалистік интерноционалдың вице-президенті, ЖСДП төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Рақымжанов, цифрлық қауіпсіздік мәселесі төңірегінде ой қозғап, адамдар алдында тұрған заманауи, әрі жаһандық проблемалар төңірегіндегі тақырыпты көтерді.

«Қазіргі таңда жасанды интеллект қоғам өмірінің барлық салаларына уақыт өткен сайын іштеп еніп, күндегікті қарапайым дағды ретінді сіңіп келеді.  Осыған байланысты бүкіл әлемде біртұтас кейіптегі бірнеше маңызды факторлар бар. Біз бұл мәселеде ең алдымен, мемлекеттердің ұлттық мүдделеріне нұқсан келетінін анық түсінеміз. Дегенмен, цифрлық технологияларды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етудің жалпысызға ортақ  принциптерді анықтап алуымыз қажет. Мен бұл істе Социалистік Интернационал ұйымы жағдайды толық және мүмкіндігінше нақты түсінетініне сенемін. Осы ретте цифрлық технологияларды социал-демократиялық идеалдар тұрғысынан пайдалану маңызды болмақ», - деді партия төрағасы.

Сонымен қатар, Социалистік Интернационал мүшелері алдында сөйлеген сөзінде Асхат Рақымжанов Цифрлық еркіндік пен Әлемдік Ынтымақтастық Хартиясын әзірлеуді ұсынды. Оның айтуынша, бұл құжат барлық елдер үшін тиісті заңнамаларды әзірлеуде негіз бола алады. Бұдан бөлек ЖСДП төрағасы цифрлық технологиялардың қарыштауымен қатар қылмыстық әрекеттердің де жаңа түрлері дамып жатқанын мәлімдеді. Партиялық фракция бұл мәселені Қазақстан Парламентінде де бірнеше рет көтерген болатын. Соның әсерінен ондаған мың қазақстандықтың кибералаяқтардың құрбаны болғаны да анықталды. Алаяқтар қазақстан азаматтарын үлкен шығынға ұшыратып отыр. Бұл қаржы қазір миллиондаған АҚШ долларын құрауда. Бір таң қаларлығы құрбандар санының көптігіне қарамастан алаяқтарға алданушылардың қатары азаймай тұр. Осы жерде бір ескеретін дүние, кибералаяқтардың қазақстанда емес, шетелде орналасқандығындығы үлкен мәселеге айналды. Бұл қылмыскерлерді жауапқа тартуды барынша қиындатады. Осы мәселені шешуде әлемнің бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып бірігуі керек екендігін дәлелді түрде баяндаған Асхат Рақымжанов, дүние жүзінен жиналған делегаттардың да әрекетке белсене араласуы маңызды екенін айтты.

 

Қазақстан тарапынан барған делегаттар қатарында ЖСДП әйелдер қанатының жетекшісі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ажар Сағандықова кездесуде әйелдер құқығын қорғау мәселелеріне тоқталды. Оның айтуынша, Қазақстан соңғы жылдары гендерлік теңдік жолында маңызды қадамдар жасауда. Ажар Сағандықова Қазақстанда болатын резонансты қайғылы оқиғаларды мысалға ала отырып, елдің зорлық-зомбылықпен қалай күрес жүргізіп жатқандығы жөнінде баяндады.

 

«Мен азаптаудың ақыры Заңға айналғандығы туралы айтқым келеді. Есімі бүгінде бүкіл Қазақстанға, тіпті өзге де көршілес елдерге танымал болған әйел Салтанат Нүкенова туралы айтқым келеді. Өкініштісі сол, қазіргі таңда Салтанат бұл өмірде жоқ. 2023 жылы қараша айында оны өзінің серіктесі, бұрынғы жоғары лауазымды шенеунік айуандықпен қорлап өлтірді. Аталмыш қылмыс елді дүр сілкіндірген болатын. Сол сәттен бастап әйелдер арасындағы үрей мен әрекетсіздік қоғам алдында толқу туғызды. Осы қайғылы оқиғадан кейін 2023 жылдың сәуір айында елде жаңа заң қабылданды. Бұл заң «Салтанат заңы» деп аталып, тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыс деп санап, жазаны күшейтіп, мемлекеттен жәбірленушілерді қорғауды және қолдау орталықтарын құруды талап етті. Бұл қоғамға жауап әрі әділдік болды. Алайда әділетсіздіпкен  күрес жалғасуда», - деді Ажар Сағандықова өз сөзінде.

 

Спикер қатысушылар үшін тағы бір маңызды тақырыпқа тоқталып өтті. Оның айтуынша климаттың өзгеруі бүкіл әлемдегі әйелдерге әсер етіп отырған көрінеді.   «Әлемде ауыл шаруашылығы саласында еңбек ететін әйелдер саны аз емес екені белгілі. Әсіресе құрғақшылық пен су тасқыны мол болатын Азия мен Африкада дала жұмысындағы нәзік жандылардың саны басым. Олар технологияның жетістігінен де бейхабар. Салдарынан әйелдің мойынына жақындарын асырау мен оларды тамақтандыру міндеті артылғандықтан әйелдердің бұрынғыдан да көп еңбектенуіне тура келеді. Бұл өз кезегінде ана денсаулығы мен бала денсаулығына кері әсер етеді.  Бір сөзбен айтқанда климаттың өзгеруі орын алған сайын әйелдер мен қыздардың физикалық жүктемелері артта бермек. Және климаттық дағдарыс кезінде дұрыс тамақтанбаудан, санитарлық жағдайдың нашарлығы, медициналық көмектің жоқтығы әйелдер үшін қауіпті бола бермек», - деді Ажар Сағандықова.

 

Жиынға қатысушылар алдында сөз сөйлеген ЖСДП әйелдер қанатының төрайымы мемлекеттерден әйелдер үшін климаттық шешімдер қабылдау процестеріне белсенді рол атқаруға шақырды. Тіпті «жасыл экономикада» әйелдер кәсіпкерлігін қолдауды, білімге, технология мен қаржыға кең қолжетімділікті қамтамасыз етуді, климаттық апаттар кезінде әйелдердің құқықтарын қорғауды күшейтуді талап ету қажеттігі турасында бастама көтерді.

 

Бұдан соң Ыстанбұлдағы Социалистік Интернационал Кеңесінің  отырысы жастардың келешегі мен олардың бүгінгі беталысы тақырыбына ойысты. Осы ретте ЖСДП жастар қанатының жетекшісі Мақсұт Насибулов әлемдегі жастар мәселесіне назар аудару қажеттігін айтып, жұршылықтың санасын аударды. Біріккен Ұлттар Ұйымының деректеріне сілтеме жасаған ол, әлем парламентарийлерінің тек 2%-ы 35 жасқа толмағандар екенін айтқан Мақсұнт Насибулов, әлемнің кейбір елдерінде жастардың үлесі халықтың 50%-дан астамын құрайтынын назарға алды. «Біз, әлемнің социал-демократтары, жаңа әрі жас  көшбасшыларды жүйелі түрде дайындауды бірінші болып қолға алуымыз керек. Бұл кездейсоқ айтылып отырған сөз емес. Бұл әлем алдымен адамдар үшін маңызды. Жастардың көшбасшылығын қалыптастыру партиялық мектептері десем артық емес. Жастар үшін халықаралық тағылымдамалар мен тәжірибе алмасулар қажет.; этика, адам құқығы, жауапкершілік және цифрлық гигиена бойынша тренингтер өткізу де көшбасшыларды қалыптастыруда зор мүмкіндік болуы тиіс», - деді кездесу барысында  Мақсұт Насибулов.

 

Сондай-ақ ол қатысушыларға 2019 жылы Қазақстанда жастардың кадрлық резерві бағдарламасының іске қосылған да айтып өтты. Бұл жаңа тұлғаларға мемлекеттік құрылымдарды басқаруға мүмкіндік беретін үлкен баспалдақ екенін баяндады.

 

Мақсұт Насибулов Социалистік Интернационал өкілдерінің алдында сөйлеген сөзінде түрлі елдерде болашағы жарқын ерекше жастардың көп екенін айта келе, IUSY негізінде жас көшбасшылардың халықаралық форумын өткізу мәселесін қолға алуды ұсынды.

 

Социалистік Интернационал — әртүрлі елдердің социалистік, социал-демократиялық және жұмысшы партияларын біріктіретін дүниежүзілік ұйым. ЖСДП осы ұйымның толыққанды мүшесі болып табылғандықтан әр кездері түрлі елдерде болатын форумдар мен жиындарына қатысып, қазақстанның және социал-демократиялық қоғамның мүддесін қорғайды. Бұл жолғы халықаралық шараға ТМД елдерінен Қырғызстан, Беларусь,  Әзірбайжан,  және Молдова социал-демократиялық партияларының өкілдері қатысты. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген Социалистік интернационал кеңесінің отырысына барлығы 89 елдің 81 партиясы қатысты. ЖСДП ұлт мүддесін әрдайым биік ұстау бағытын назардан шығармақ емес.  

 

Қазақстанның Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Ыстанбұлда  өткен әлемдік деңгейдегі Социалистік Интернационал Кеңесінің кезекті отырысының қорытынды резолюциясына жоғарыда көтерілген мәселелер төңірегіндегі келесі негізгіздегі  ұсыныстар енгізілді.

 

  1. Цифрлық құқықтар, халықаралық киберқауіпсіздік.

Сандық саладағы қауіпсіздікті әлем болып қолға ала отырып цифрлық технологиялардың жедел дамуы мен оның адамзат үшінгі пайдасын жан-жақты қолдау. Жасанды интеллекттің таралуы қазіргі қоғамды түбегейлі өзгертті. Осы тұрғыда демократиялық көзқарасты ұстана отырып, дербес деректерді қорғау алгоритімін енгізуді жолға қоюмен қатар трансұлттық технологиялық корпорациялардың монополизациясы мен лоббиіне жол бермеу үшін мемлекеттер арасында қажетті заңнама әзірлеу;

 

  1. Әйелдердің құқықтары, гендерлік әділеттілік және климатқа төзімділік.

Гендерлік зорлық-зомбылықпен күресу, криминалды тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатаң жаза тағайындау және климаттық апаттар мен гуманитарлық дағдарыстарға ұшыраған әйелдердің құқықтарын қорғауды күшейту;

 

  1. Жастар, саяси жаңару және жаһандық көшбасшылық.

Ұйымға мүше партиялар ішінде жас көшбасшыларды оқытудың жүйелік бағдарламаларын құру. Соның ішінде саяси академиялар мен көшбасшылық мектептер қалыптастыру. Әр ұлттың көшбасшылары пулы мен тәлімгерлік бағдарламаларын әзірлеу.  Жас белсенділер мен саясаткерлер арасында халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды дамыту; IUSY демеушілігімен жас көшбасшылардың халықаралық форумын ұйымдастыру.

         Қазақстан тарапынан берілген ұсыныстардің дені қарарға ангізіліп, бір ауыздан қолдау тапқандығы Ыстанбұл жиынында біз үшін жетістік болып отыр. Түрлі мемлекеттен келген спикерлердің жеке тарапынан да біздің ұсыныстарымызға ерекше қолдау болғанын да айта кеткен абзал. 

 

 

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар