жұма, 22 қараша, 2024 11:03

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Ол сені өлтіреді": Нүкенованың ағасы Салтанатпен жазысқан хаттарын оқып берді

"Ол сені өлтіреді": Нүкенованың ағасы Салтанатпен жазысқан хаттарын оқып берді
Фото: видеодан скриншот
Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді қарындасымен WhatsApp-пен сөйлескен әңгімелерін оқып берді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz.

Айтбек: Бізге оның байланыстары мен ақшасы керек емес. Біздің өзіміз де жап-жақсы өмір сүреміз. Менің үйімде тұра бер.

Салтанат: Ант етейін, мен онсыз өмір сүре алмаймын. Егер онымен ажырасып кетсем, жер басып жүре алмаймын. Ол мен үшін бәрін жасап жатыр, әрине, көрінгеннен қызғанады. Еркіндігім де шектеулі, бірақ әу баста бәріне өзім кінәлі болған едім. Ол туралы сендерге шағымданғаным үшін де кінәлімін.

Айтбек: Ол сенің рухыңды сындырып тастаған. Ол сенің тіпті заңды күйеуің де емес. Жай ғана жігітің. Ақымақ болма, ол ауру адам. Сен сонда өзіңді аямайсың ба? Оны сүйсең де маған бәрібір. Ол сені бір күні өлтіреді. Есіңді жишы. Сен құдды бір түрмеде жүргендейсің. Кешкісін тыныш қана дүкенге кеткендей үйден шық та, кетіп қал. Сен менің бауырымсың. Мен сенің қауіпсіздігіңді ойлап, жайбарақат ұйықтап, тамақтана алмаймын. Сен ақпанда маған келіп, өзіңді оған жібермеуімді өтініп, жалынып едің ғой (Ағасы 2023 жылғы ақпанда Салтанат күйеуінен кетпек болғанын айтты – ред.)

Айта кетейік, Салтанат Нүкенова мен Қуандық Бишімбаев заңды некеге тұрмаған. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар