
Қостанай облысында ер адамға қатысты алты жыл бойы лицензиясыз, пайызбен несие беріп келген деген күдікпен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметі.
«ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті заңсыз микрокаржылық қызмет фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде. Күдікті азамат тиісті лицензиясыз алты жыл бойы OLX және Instagram мобильді қосымшалары арқылы пайызбен қарыз берген», – делінген хабарламада.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, жасалған шарттарда жылдық 100%-ға дейінгі мөлшерлемемен алдын ала есептелген пайыздар жасанды түрде қосылған, соның нәтижесінде қарыздың нақты сомасы көрсетілген сомадан айтарлықтай төмен болған. Қарыздың қайтарылуы қарыз алушылардың жылжымайтын мүлкін кепілге қою арқылы қамтамасыз етілген.
Зардап шеккендердің бірі – Рудный қаласының зейнеткері. Ол 13,2 млн теңгеге шартқа қол қойған, алайда қолына тек 6 млн теңге ғана алған. Қалған сома пайыз ретінде есептелген. Кепіл ретінде әйел жалғыз баспанасын тапсырған.
«Келісімшарт бойынша ай сайын 600 мың теңге төлеу қарастырылған, бұл төлем екі жыл бойы жүргізілуі тиіс болған», – деп нақтылады агенттік.
ҚМА мәліметінше, барлығы осындай 72 келісімшарт жасалған. Келтірілген жалпы залал көлемі 556 млн теңгеден асқан. Сот шешімімен күдіктінің мүлкіне – алты үй мен үш автокөлікке (жалпы құны 154 млн теңге) тыйым салынды.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер әзірге жарияланбайды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Нұртөре Жүсіп денсаулық сақтау саласындағы халықаралық конгреске қатысты
- авторОймақ
- 30 мамыр, 2025