Күзетшіні қатыгездікпен өлтірген күдікті 14 қабаттан секірмек болған
Бұл туралы әлеуметтік желіде бейнежазба тарады.
Алматыда күзетшіні қатыгездікпен өлтірген күдікті 14 қабаттан секіруге тырысқан. Бұл туралы әлеуметтік желіде бейнежазба тарады.
Кісі өлтіру оқиғасы Самал-3, 25-шағын ауданында, «Меркурий Тауерс» тұрғын үй кешенінде болған. Полиция келген кезде күзетшіні ұрып-соққан ер адам жасырынуға тырысқан. Содан кейін 14-қабаттағы өз үйіне көтеріліп, терезеден секірмек болған.
Полиция қызметкерлері оның бұл ойын іске асыруға жол бермей, күдіктіні ұстаған.