Әлеумет

Көлікпен қағып, артынан тепкілеген: "Меркурий Тауерс" тұрғын үй кешенінде жантүршігерлік оқиға болды

Оқиға бейнежазбаға түсіп қалған.

Алматыдағы «Меркурий Тауерс» тұрғын үй кешенінде аса ауыр қылмыс жасалған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz.

Элиталық тұрғын үй кешенінің тұрғыны күзетшіні бірнеше рет көлігімен соққан. Оқиға бейнежазбаға түсіп қалған. 

Тұрғындардың  айтуынша, шабуыл жасаған ер адам да осы тұрғын үй кешенінің тұрғыны. Ата-анасымен бірге тұрады. Олар оның   нашақорлық екенін  айтады. Сол түні ол үйіне келіпті.  Күзетші қақпаны жаппақ болғанда,  ер адам оны көлікпен бірнеше рет әдейі қағып, артынан көліктен түсіп,  ұра бастайды. Елді дүрліктірген қылмысқа «Меркурий Тауерс» тұрғын үй кешенінің тұрғындары куә болған. Жәбірленуші ауруханада қайтыс болған.