бейсенбі, 29 мамыр, 2025 5:40

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Баланың сол жақ беті сал боп қалған: 5 жасар бүлдіршін лифтіде жарақаттанған еді

Баланың сол жақ беті сал боп қалған: 5 жасар бүлдіршін лифтіде жарақаттанған еді
фото: скрин
Оқиға 11 ақпанда Астанадағы тұрғын үйдің бірінде болған еді.

Биыл ақпан айында Астанада 5 жасар баланы лифтінің ішінде психикалық ауытқуы бар жасөспірім пышақтаған еді. Бала ауруханада жедел ем алып шықты. Бірақ толық жазылмаған. Бірнеше рет пышақпен тілгеннен кейін, баланың сол жақ беті сал болып қалған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. 

11 ақпанда Астанадағы тұрғын үй кешенінің лифтінде жасөспірім бес жасар балаға пышақпен шабуыл жасады. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде жарияланды.

Бала ауыр халде №2 қалалық балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөліміне жеткізілді. Оның бетінде кесілген жарақаттар болған. Дәрігерлер жәбірленушіге операция жасады. 14 сәуірде бала Ұлттық балаларды оңалту орталығына қайта ауруханаға жатқызылды.

Кейінірек шабуыл жасаған жасөспірімнің психоневрологиялық диспансерде тіркеуде тұрғаны белгілі болды. 12 мамырда Астана қаласының соты жасөспірімді Талғар ауданының Ақтас ауылындағы қатаң бақылаумен арнайы типтегі стационарға мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы шешім шығарды.

Біз көп нәрсені бастан өткердік: ине шаншу, физиотерапия, оңалту орталығындағы ем. Әзірге ешқандай нәтиже жоқ, - дейді зардап шегуші баланың анасы tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Оқиғадан кейін бала мүлде өзгеріп кеткен. Жалғыз қалудан қорқады, лифтіге кіруден үзілді-кесілді бас тартатын көрінеді.

Ол лифтіден қорқады. Сыртқа шыққанда үнемі жан-жағына алаңдап қарайды. Бұрын түнде өзі тұрып, су ішіп келетін — қазір бізді шақырады. Жалғыз жүрмейді, жалғыз қалмайды, – деп жалғастырды ол.

Астаналық әйел баласының бар болғаны жарты жыл бұрын қандай шат-шадыман болғанын еске алады: айналасына қызығушылықпен қарайтын, өз бетінше әрекет ететін ақжарқын бүлдіршін еді. Қазір бала балалар психологына барып жүр. Анасына да маманның көмегі қажет болған.

Күні кеше анасы әлеуметтік желіде жазба қалдырды.

Бетіне пышақ сұққаннан соң ұлымыздың сол жақ бет жүйке талшығы зақымданды. Қазір сол жақ беті қимылдамайды, - дейді ол.

Әйел баласын шетелге оңалту курсына апаруды жоспарлап отыр.

Еске салайық, Астанада лифтіде психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған 14 жастағы жасөспірім 5 жастағы баланың бетін пышақпен тілгілеп тастаған еді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар