жұма, 30 мамыр, 2025 19:38

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шахматшы Бибісара Асаубаева Қазақстанның жаңа гроссмейстері атанды,

Шахматшы Бибісара Асаубаева Қазақстанның жаңа гроссмейстері атанды,
gov.kz
Біріншісі — Жансая Әбдумалик.

Шахматшы Бибісара Асаубаева Қазақстанның жаңа гроссмейстері атанды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz   turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Біріккен Араб Әмірлігінде өткен Sharjah Masters 2025 супертурнирінде 21 жастағы Бибісара Асаубаева өзінің үшінші гроссмейстерлік нормасын орындап, алғаш рет 2500 рейтингтік межеден асты.

Шахмат федерациясының мәліметінше, Бибісара 64 гроссмейстер қатысқан турнирде үздік 30-дыққа еніп қана қоймай, әйелдер арасында ең үздік нәтиже көрсетті. Ол әйелдер Гран-приінің жеңімпазы Чжу Цзиньэр мен Олимпиада чемпионы Дивья Дешмухты артта қалдырды.

Енді тек ФИДЕ кеңесінің алдағы отырысында ресми бекіту қалды — содан соң Бибісара қазақстандық әйелдер арасынан екінші гроссмейстер (GM) атанбақ. Біріншісі — Жансая Әбдумалик. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар