Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Тәуелсіздік күніне орай осы елдің Президенті Михаил Кавелашвилиге құттықтау жеделхатын жолдады.

Қазақстан Президенті кейінгі жылдары Грузияның демократиялық институттарды нығайту, экономиканы жаңғырту және азаматтардың әл-ауқатын көтеру ісінде айтарлықтай жетістікке жеткенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Кавелашвилидің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас Грузия халқына бақ-береке тіледі.