Руханият

"Қателігімсің": Балжан Бидаштың жаңа әні жарыққа шығады

Ол туралы әнші Instagram парақшасында жариялаған

Елге танымал әнші Балжан Бидаш "Қателігімсің" атты жаңа әнінің бейнебаянынан үзінді ұсынды. Ол туралы әнші  Instagram парақшасында жариялаған. Әнші ерекше туындысын 4 сәуір күні жарыққа шығармақ.

Өнерден алыстап кеткен Балжан Бидаш жақында жаңа әнін жарыққа шығаратынын хабарлап, тыңдармандарын қуантып тастады. Instagram парақшасында: "Достар, міне көптен күткен жаңа бейнебаян, жаңа әннің тизері. 4 сәуір менің Youtube каналыма шығады", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары арасында Балжан Бидаштың жаңа туындысы бірден қызу талқыға түсті.  Көпшілік некесі сәтсіз аяқталған арудың таланты мен қайсарлығына тәнті болды.