жексенбі, 25 мамыр, 2025 22:24

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматы облысында мектеп түлегі сыныптасына кәуап таяқшасын тығып алған

Алматы облысында мектеп түлегі сыныптасына  кәуап таяқшасын тығып алған
фото әлеуметтік желіден алынды
Оқиға мектеп бітіру кешінде болған.

Қайғылы оқиға 24 мамырға қараған түні Қаскелеңде мектепті бітірушілердің кешінде болған, деп хабарлайды  Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Түлектер коттеджді жалға алып, мектеп бітіргендерін атап өтпек болған. Кейбір оқушылар ішімдік ішкен.

Түн ортасы ауа қатты мас болған түлектердің бірі кәуап таяқшасын ұстап алып, айналасындағы жасөспірімдерге сес көрсете  бастаған.

Жастар дүрлігіп, жан-жаққа қаша бастағанда, ішімдік ішпеген бозбалалардың бірі жанындағы қызды қорғап, ашуға булыққан мас сыныптасын тыныштандыруға тырысқан. Сол кезде сыныптасы оның жүрек тұсына кәуап таяқшасын сұғып алған.

Жәбірленуші оқиға орнында, жедел жәрдем келгенге дейін жан тәсілім етті.

Қазіргі таңда күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция Qaz365.kz сайтының жолдаған ресми сауалына кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты.

"Полицейлер күдіктіні анықтап, оны уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Жасөспірімнің заңды өкілдері бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, полиция құзыреті шеңберінде шаралар қабылдау үшін білім басқармасына тиісті ұсыныс енгізді", - делінген Алматы облысы ПД жауабында. 

Құқық қорғау органының ақпараты бойынша, қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайларын объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесі мақсатында өзге ақпараттар жариялауға жатпайды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар