Дана Нұржігіт марқұм Диас Ахметшәріптің соңғы эфирін еске алды
Бұл туралы ол тікелей эфирде айтты.
Танымал тележүргізуші эфирдегі әріптесін еске алды, деп жазады Oimaqnews.kz Turkistan.kz .сайтына сілтеме жасап.
Дана Нұржігіт әріптесімен болған соңғы эфирді еске алды.
«Алдыңнан жарылқасын, Диас! Бұл екеуміздің соңғы тікелей эфиріміз екен. Кім білген…», — деп еске алды журналист.
Айта кетейік, кеше екі аптадан бері комада жатқан спорт журналисі Диас Ахметшәріп дүниеден өткен. Ол «Qazsport» телеарнасының алғашқы директоры, танымал спорт комментаторы ретінде ел есінде қалды.