сенбі, 24 мамыр, 2025 19:00

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Димаш Құдайберген 31-ге толды

Димаш Құдайберген 31-ге толды
фото ашық дереккөз
Бүгін оның туған күні.

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбеде туған.  Ол ҚР мәдениет қайраткерлері Қанат Құдайбергенұлы мен Светлана Айтбаеваның отбасында дүниеге келген. Ата-әжесі де өнерден алыс емес, бірі домбыра тартса, екіншісі ән айтатын.

Бес жасында музыкалық колледж сахнасында алғаш әнші ретінде ән салған. Алты жасында “Айналайын” Республикалық байқауының “Фортепиано” номинациясында жеңімпаз атанған.

2010 жылы "Байқонырдың Әсем дауыстары" Халықаралық фестивалінің І жүлде лауреаты атанды.

2012 жылы “Жас қанат” Республикалық жас ән орындаушылар байқауының Гран-при жүлдесіне ие болды.

2012 жылы “Восточный базар” Халықаралық байқауында І жүлде лауреаты атағына ие болды. Бір жылдан соң, “Мейкин Азия” І Халықаралық фестивалінің жеңімпазы болып атанды.

2014 жылы Ақтөбе қаласында А.Жұбанов атындағы Музыкалық колледжінде “академиялық ән орындау” факультетін бітіріп, Қазақ Ұлттық өнер университетінің “эстрада өнері” факультетіне түсті.

2015 жылы Витебск қаласында XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар «Славян базары-2015» байқауында Гран-при жеңіп алды.

2015 жылы 28 қазан күні Ыстамбұлда Димаш Құдайбергенов “Abu TV” Халықаралық Азия-Тынық мұхит фестивалінде Қазақстан атынан алғаш рет қатысты.

2017 жылы Қазақстанның сүйікті әншісі Димаш Құдайбергенов "Top Chinese Music Awards" номинацияның жеңімпазы атанды.

2017 жылы  Димаш Құдайбергенов Қытайдағы "Singer 2017" жобасында екінші орын алды. Осы кезеңнен бастап Димаш  Құдайбергенді барша әлем таныды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар