сенбі, 24 мамыр, 2025 3:47

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

МҚІА төрағасы Дархан Жазықбай Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу бойынша жас мамандармен кездесті

МҚІА төрағасы Дархан Жазықбай Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу бойынша жас мамандармен кездесті
Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

 

 

         Кеше  Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен қолға алынған Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеудің талаптарын түсіндіру мақсатында мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың жас мамандарымен кездесті.

Іс-шараға 250-ге жуық орталық мемлекеттік органдар мен оған қарасты ұйымдардың, жергілікті атқарушы органның, квазимемлекеттік сектордағы компаниялардың қызметкерлері, сондай-ақ Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері қатысты.

МҚІА төрағасы Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеуінің                 басталуы, биылғы іріктеудің ерекшелігі мен кезеңдері туралы айтты. Ол алдыңғы жылдары өткен іріктеу тәжірибесі жастар арасында жоғары танымалдылыққа ие болғанын атап өтіп, мемлекеттік басқару жүйесіне жаңа кадрлар мен таланттарды тарту маңыздылығына тоқталды.

«Мемлекет басшысы атап өткендей, «Жастар кадр резерві – мемлекеттің резерві». Резервті қалыптастырудағы басты мақсат – көкірегі ояу, көзі ашық жастарды мемлекеттік басқаруға тарту, мемлекеттік аппарат жұмысына жаңа серпін беру, жастар үшін ашық және тиімді әлеуметтік лифт құру. Бүгінде мемлекеттік қызметке білімді, еңбекқор, Отанға қызмет етуді өзіне парыз санайтын жастар қажет», - деді Дархан Жазықбай.

Ағымдағы жылы резервке іріктеу әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам, инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты, экономикалық және қаржылық саясат, цифрландыру, агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау, сыртқы саясат және инвестициялар сынды мемлекеттік басқарудың 6 салалық бағыты бойынша жүргізіледі.

Агенттік төрағасының айтуынша, биылғы іріктеудің басты ерекшелігі – әр бағыт бойынша кандидаттардың біркелкі санын қамтамасыз ету мақсатында әрбір кезеңде пропорционалды іріктеу өткізу. Резервтің әр салалық бағыты бойынша квоталар қарастырылып, іріктеу сол салалық бағыт бойынша ғана жүргізілетін болады. Бұл әдіс салалар арасындағы теңгерімді қамтамасыз етіп, нақты бағыттар бойынша үміткерлерді іріктеуді қамтамасыз етеді.

Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

Құжаттарды қабылдау – 1-30 маусым аралығында pkrezerv.gov.kz ресми платформасында онлайн режимде жүзеге асырылады. Іріктеу 6 кезеңнен тұрады, оның қорытындысы бойынша 50 адам Резервке қабылданады.

Кездесуге арнайы келген Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Жасанды интеллект және инновациялар дамыту комитетінің Төрағасы Ғиззат Байтұрсынов, Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Төрағасының орынбасары Юлия Овечкина, Халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы Әділ Құсманов және өзге де резервшілер өздерінің іріктеуге қатысу тәжірибелерімен бөлісіп, жоба талантты жастар үшін әлеуметтік лифт және мемлекеттік қызметте өз әлеуетін көрсетуге зор мүмкіндік екенін  атап өтті.

Іс-шараға қатысқан жас мамандар іріктеу мәселелері, іріктеудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларға қатысты сұрақтар қойды.

Атап өту керек, бұған дейін 2019, 2021 және 2023 жылдары өткен іріктеулерге қатысуға жалпы 60 мыңнан астам қазақстандықтар қызығушылық танытты. Іріктеулер қорытындысы бойынша резервке 400 адам қабылданды. Бүгінде олардың 318-і жауапты қызметтерге тағайындалып, экономиканың түрлі салаларында еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда.

Резервшілердің 167 - орталық мемлекеттік органдарда, 37 -жергілікті атқарушы органдарда, 62 - ұлттық компанияларда, 52 - өзге ұйымдарда қызмет атқаруда. Сондай-ақ 39 резервші саяси лауазымдарда, 3 - «А» корпусының лауазымдарында, 2 - Мәжіліс депутаты, 1 - мәслихат депутаты болып қызмет етуде.

 

 

 

 

 

 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар