бейсенбі, 22 мамыр, 2025 22:13

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шри-Ланкададағы 12 алтын

Шри-Ланкададағы  12 алтын
Фото спорт және туризм министрлігі
Қыздар барлық салмақта алтын медаль иеленді

Шри-Ланкада өтіп жатқан бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстанның қыздар құрамасы айрықша жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Жанкелді Ахметов баптайтын ұлттық құрама финалға шыққан 12 спортшының барлығын жеңіске жеткізіп, барлық салмақта алтын медаль иеленді.

Бұл біріншілікке Азия құрлығының 21 елінен құрамалар қатысты. Қазақстан, Ауғанстан, Аустралия, Бангладеш, Бутан, Камбоджа, Үндістан, Ирак, Қырғызстан, Сауд Арабиясы, Кувейт, Малайзия, Моңғолия, Палестина, Солтүстік Корея, Шри-Ланка, Сирия, Таиланд, Тәжікстан, Біріккен Араб Әмірліктері және Вьетнам сынды елдер 12 салмақ дәрежесі бойынша жүлдені сарапқа салды.

Қазақстан құрамасының чемпион атанған боксшы қыздары:

48 кг – Айым Танкибаева;

50 кг – Сила Биболсынқызы;

52 кг – Рахмина Абдумежитова;

54 кг – Жанель Имантаева;

57 кг – Ақнұр Тұрсынғали;

60 кг – Толғанай Қасымхан;

63 кг – Алина Құдайгенова;

66 кг – Ақбота Есімбекова;

70 кг – Мария Сидоренко;

75 кг – Зарина Толыбай;

81 кг – Құралай Егінбайқызы;

+81 кг – Сабина Жақсылық.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар