Қоғам

Сот отырысында Нүкенованың ағасы Салтанаттың соққыға жығылған суреттерін көрсетті

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты сот отырысы өтіп жатыр.

Сот сұрақтарына Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді жауап беріп жатыр, деп хабарлайды oimaqnews.kz сайты.

Ол сот залына соққыға жығылған Салтанаттың фотосуреттерін алып келді.

Айтбек Амангелді оның жалғыз қарындасы екенін, екеуі бірге өскенін айтты. 

Салтанаттың ағасы бәрінен хабардар болып отырғанымен Бишімбаевтың әрекеттеріне аса мән бермеген.

Артынша қазан айында Салтанат Бакудегі құрбысына барған. Ағасының сөзінше, ол Бакуге Қуандық Бишімбаевпен бірге барған.