Дженнифер Лопес Алматыда да концерт береді
Astana Concert компаниясының продюсері Мәлік Хасенов бұл ақпаратты растады.
Америкалық поп-музыка жұлдызы Дженнифер Лопес осы жазда өзінің Up All Night әлемдік турнесі аясында Қазақстанның екі қаласында концерт өткізеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Астанадағы алғашқы концерт жайлы жаңалық үлкен қызығушылық туғызғаннан кейін, енді әншінің Алматыда да өнер көрсететіні белгілі болды.
Astana Concert компаниясының продюсері Мәлік Хасенов бұл ақпаратты Динара Сәтжанмен сұхбат барысында растады. Бұл туралы Сәтжан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті:
Астанадағы концертке билет сату кезінде адам санының көптігінен Ticketon сайты жүктемеге шыдамай, техникалық ақауларға ұшырады. Кейбір пайдаланушылар билеттердің қосарланып сатылғанын хабарлады.
Ticketon өкілдерінің айтуынша, бұл жағдай техникалық себептерге байланысты болған. Осы мәселені шешу мақсатында компания қосарланған тапсырыстар болуы мүмкін клиенттерге билеттердің санатын көтеру туралы шешім қабылдады.