Қазақстанның Украинадағы елшілігі азаматтарға ескерту жасады
Қазақстанның Украинадағы елшілігі қазақстандықтарды аталған елдің Одесса, Харьков облыстарынан кетуге шақырды. азаматтарды сақ болуға шақырды. Оған бұл облыстардағы жағдайдың шиеленісуі себеп болғаны жазылған елшіліктің ресми Telegram аккаунтында.
«Украинаның Одесса және Харьков облыстарындағы жағдайдың шиеленісуіне және Қауіпсіздік қатерінің артуына байланысты Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан азаматтарына осы аймақтардан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынады.
Украинадан Қазақстанға шығу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары Польша немесе Молдова арқылы өтетін жерүсті бағыттарын, одан кейін коммерциялық рейстерді пайдалана алатынын ескертеміз.
Польша арқылы кеткен жағдайда Қазақстан азаматтарында Шенген визасы болуы керек, Молдова арқылы қайту үшін виза талап етілмейді.
Сонымен бірге, Елшілік барлық азаматтарды әуе шабуылы туралы ескертуді елеусіз қалдырмауға және дереу бомбадан қорғанатын орынға өтуге шақырады.
Елшіліктің байланыс телефондары: +38(044) 4831596, +38(044) 4891031.
Қазақстан азаматтарына арналған сенім телефоны (төтенше жағдай кезінде): +380673470408»,-делінген хабарламада.