
Талдықорғанда өтіп жатқан сот отырысында ШерзатПолат мәйіті түсірілген фото көрсетілді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
21 мамырда өткен сот отырысында іс бойынша басты айыпталушы Абзал Шынасылдан жауап алынды. Жауап алу барысында жәбірленуші тарап адвокаты Мейірман Шекеев сотталушы Абзал Шынасылдан Шерзаттың дене жарақаты туралы сұрады.
Сот отырысында Гүлбара Бишембиева «баламның бетінде және денесінде жарақат болды» деп айтты. Мына дене жарақатына қатысты не айта аласыз?- деді адвокат Мейірман Шекеев.
Абзал Шынасыл бұл сұраққа қысқа жауап қайырды.
"Білмеймін. Шерзатқа қолым тиген жоқ. Шерзатты мен ұрған жоқпын», – деді ол.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.