сәрсенбі, 21 мамыр, 2025 19:45

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Еліміздегі бүгінгі ауа райы қандай болады?

Еліміздегі бүгінгі ауа райы қандай болады?
Фото: istokphoto.com
"Қазгидромет" РМК бүгінге, 21 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, антициклон ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырады. Алайда батыс пен солтүстікте циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін. Сонымен қатар солтүстікте қатты дауыл тұрып, батыс пен солтүстікте желдің күшеюі күтіледі. Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл соғуы ықтимал, ал шығыста түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін.

Ал Маңғыстау, Ақтөбе, Түркістан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Жамбыл, Атырау, Шығыс Қазақстан, Алматы, Абай және Жетісу облыстарының кейбір аудандарында өрт қаупі жоғары болады деп күтілуде. Ал Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Алматы, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жетісу және Ұлытау облыстарының жекелеген бөліктерінде төтенше өрт қаупі болжанып отыр.

Мамандар тұрғындарды ауа райы болжамын мұқият қадағалап, әсіресе өрт қаупі жоғары кезеңде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар