"Келін түсірмесе, үй жиналмайды": Майғазиев ұлының тойына дайындалып жатқанын көрсетті
- авторОймақ
- Бүгін, 10:59
- 23

Әнші Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындалып жатқанын көрсетті, – деп жазды Oimaqnews.kz Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.
Әнші үйінде құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан жігіттерге алғыс айтып, бейнежазба жариялады. Өнер иесі олардың іскерлігіне риза болған.
“Өз басым рушылдыққа, жершілдікке бөлінгенді жек көремін. Бірақ бізде сондай түсінік қалыптасқан. “Басқа ұлт өкілдері күшті жасайды” деп, қазақтарға сенбейміз. Мына жігіттердің бәрі қазақ. Бәріне ризамын. Келін түсірмесек, үйді жөндемейді екенбіз. Жігіттерге көп рақмет! Сендер де қыз ұзатып, келін түсіріңдер. Осылай абыр-сабыр болып жүріңдер”, – дейді әнші.
Айта кетейік, әншінің ұлы жақында сүйіктісіне тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған болатын.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.