Қоғам

Қазақстандық турист Шарм-эль-Шейх әуежайында көз жұмды: Әйелге жарнама тақтасы құлап кетті

Египеттің Шарм-эль-Шейх қаласының әуежайында үш қазақстандықтың үстіне жарнама тақтасы құлап кетті. Оқиға Астана бағытындағы рейске отырғызу кезінде болған.

Ақпаратты елдің сыртқы істер министрлігі растады. 

“Кеше Шарм-эш-Шейх әуежайында рейсті күту аймағында жарнама тақтасы құлап кетті. Салдарынан Қазақстан азаматы көз жұмды, тағы екі отандасымыз жеңіл жарақаттар алды. Марқұмның туыстарымен байланыс орнатылды, елші барлық сұрақ бойынша көмектесіп жатыр. Зардап шеккен әйелдерге қажетті медициналық көмек көрсетілді, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ”, – делінген хабарламада. 

Египет тарапы орын алған жағдайға байланысты көңіл айтқан. Египеттің азаматтық авиация министрі жағдайды өз бақылауына алып, оқиға орнына комиссия жіберген. Қазір тергеу жүріп жатыр