Әлеумет

Алматы облысында үш жасар егіздер мен тоғыз жастағы қызды зорлаған қылмыскер сотталды

Алматы облысында үш жасар егіздер мен тоғыз жасар қызды зорлаған қылмыскер сотталды, деп жазды Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева.

Алматы облысында үш жасар егіздер мен тоғыз жастағы  қызды зорлаған қылмыскер сотталды, деп жазды Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева.

«Бүгін Алматы облысында үш жасар егіздер мен тоғыз жастағы қызды зорлау ісі бойынша соңғы сот отырысы өтті. Балаларға қарсы істелген мұндай  қатыгездік  қылмыстар туралы мен қараша айында Алматы облысына барған сапардан кейін жазған болатынмын. Осылайша ер адам өмір бойына, оның әйелі (үш жасар қыздардың әжесі мен тоғыз жасар қыздың анасы) 25 жылға бас бостандығынан айырылды», – деп жазды Зәкиева әлеуметтік желідегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында кішкентай қыздарды зорлады деген күдікпен 40 жастағы азамат  ұсталған болатын. Оның әйелі де  қамауда екені хабарланды. Тергеу барысында полицейлер күдіктінің үш жасар егіз қыздарды және олардың әпкесін зорлауға қатысы болуы мүмкін екенін анықтады.

Алматы облысындағы кішкентай бүлдіршіндер  зорланған отбасының балалары тозақтан өтті, деп жазады   Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева.