сейсенбі, 13 мамыр, 2025 23:17

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алаяқтың кесірінен 70-тен аса азамат Вьетнамдағы демалысынан қағылды

Алаяқтың кесірінен 70-тен аса азамат Вьетнамдағы демалысынан қағылды
Фото: trvl.click
Алаяқтың кесірінен 70-тен аса азамат Вьетнамдағы демалысынан қағылды

 Астаналық алаяқ Вьетнамға жалған әуе билеттерін сатқан, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Олардың туристік жолдамалары жойылып, жәбірленушілер айтарлықтай қаржылық шығынға ұшыраған.

— Кінәлі тұлға әуе билеттерін нарықтағыдан төмен бағамен ұсынып, клиенттеріне оларды арнайы байланыс арқылы сатып алатынына сендірген. Алайда, ол шынайы билеттердің орнына жалған маршруттық түбіртектерді берген, — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, туристер әуе билеттерге тапсырыс жоқ екенін ұшар алдында, әуежайда бір-ақ білген.

— Зардап шеккендер арасында ересектер де, балалар да бар. Жалпы материалдық шығын 17 млн теңгеден асты. Адамдар тек ақшаларынан ғана емес, көптен күткен демалыстарынан да айырылды — төленген қонақүйлер, экскурсиялар және басқа да шығындар өтелмеген. Алаяқ әйел 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Келтірілген материалдық шығын сотталғаннан өндірілді, — делінген хабарламада.

Астана қаласы Нұра ауданының прокуратурасы туристік қызметтер алу үшін төлем жасамас бұрын құжаттарды мұқият тексерудің қажеттігін ескертеді. 

Бұған дейін алаяқтардан зардап шеккендердің 1,6 млрд теңгеден астам несиесі кешірілгені белгілі болды.

 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар