сейсенбі, 13 мамыр, 2025 2:44

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

АҚШ пен Қытай 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

АҚШ пен Қытай 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті
Фото: gfmag.com
АҚШ пен Қытай 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті


АҚШ пен Қытай Швейцариядағы келіссөздер нәтижесінде сауда соғысы аясында бір-біріне қарсы енгізген экспорттық баж салығын 90 күнге төмендету туралы келісімге келді, деп хабарлайды BBC.

АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент Вашингтон мен Пекин тарифтерді уақытша 115%-ға төмендететінін мәлімдеді.

Бұған дейін америкалық және қытайлық делегациялар Швейцарияда келіссөздер жүргізген еді. Бұдан бұрын Бессент аталған келіссөзді «нәтижелі және сындарлы» деп сипаттаған.

Бұл екі тарап арасындағы консультациялар АҚШ президенті Дональд Трамп қытай импортына жоғары тарифтер енгізгеннен және Қытай да соған жауап қайтарғаннан кейінгі алғашқы келіссөздер болды. Ақ үй басшысы қытай тауарларына 145% мөлшерінде баж салығын белгілеген, ал өз кезегінде Пекин 125% тариф енгізген.

Енді Қытайдан келетін тауарларға АҚШ тарифтері 30%-ға дейін қысқарады, ал АҚШ-тан жеткізілетін тауарларға қытайлық баж салығы 10%-ға төмендейді. Бұл келісімдер 90 күн бойы күшінде болады.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар