Спорт

Бар кінәні жалғыз Мырзағали Айтжановқа жауып қоюға болмайды – Қыдырбек Рысбек

Ол бұл туралы Ақырыс Сейтқазының YouTube арнасына берген сұқбатында айтты.

Тәжірибелі спорт журналисі Қыдырбек Рысбек Ақырыс Сейтқазының YouTube арнасына қазақ боксшыларының Париж Олимпиадасындағы сәтсіздігіне тоқталды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Sportbugin.kz-ке сілтеме жасап.

Журналист бар кінәні жалғыз Мырзағали Айтжановқа жауып қоюға болмайтынын баса айтты.

"Ол бір жыл  бұрын төрт әлем чемпионын шығарды Ташкентте. Сосын өзбектер президенті Мирзияев бастап, Халықаралық Олимпиада комитетіне өзінің демеушілік көмегін жасап қояды. Азаматтарын жіберіп қояды.

Өзбектің пысықай, иненің көзінен өтетін жігіттері барады да, өзінің елі үшін, жұрты үшін қызмет қылады. Бірақ барлық кінәні, барлық ауыртпалықты бір ғана Мырзағалидің иығына үйіп-төгіп арта салу дұрыс емес, қателік болды.

Олимпиадалық спорт түрлері бойынша ең үздік нәтиже көрсеткен бапкер — Мырзағали Айтжанов. 2013-2014 жылдары әлемнің үздік бапкері деген атақты ол сатып алған жоқ. Сондай деңгейдегі адамдар болады, мектебі қалыптасқан. Нұрлан Ақүрпеков Артаев, Жайлауовты, Аманқұлды, Бекбауовты шығарды. Бапкерлік мектеп деген  — осы. Бір жарқ етіп сөну емес, жүйелі түрде жүріп отыру", — деді Қыдырбек Рысбек.