дүйсенбі, 12 мамыр, 2025 7:54

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Абылайхан Жұбаназар қола жүлдегер атанды

Абылайхан Жұбаназар қола жүлдегер атанды
фото ашық дереккөз
Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысы өтіп жатыр.

Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар (-81кг) елордада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді. 

Отандасымыз қола жүлде үшін өткен шешуші белдесуде италиялық Мануэль Парлатиді 29 секундта жеңіп, ел қоржынына алтыншы медальды салды. 

Естеріңізге сала кетсек, жарыстың бірінші күні Қазақстан сапынан Ғұсман Қырғызбаев пен Талғат Орынбасар күміс жүлдегер атанса, Аман Бақытжан мен Мағжан Шамшадин қола медаль еншілеген болатын. Бүгін жүлдегерлер қатарына екі қола жүлдемен Есет Қуанов пен Абылайхан Жұбаназар қосылды. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар