Руханият

"Ұл ма, қыз ба": Ерке Есмахан оқырмандарын ойландырып қойды

Бұл туралы әнші әлеуметтік желіге жазды.

Үшінші сәбиін күтіп жүрген әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде жаңа сурет жариялады, – деп жазды Oimaqnews.kz  Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.

Ол Instagram парақшасында айы-күні жақындаған кездегі суреттерін бөлісіп, оқырмандарына болашақ сәбиіне қатысты сұрақ қойған.

«Май туса, гүлдер шешек атса, жазда. Ұл ма, қыз ба? Болжаңыздар ал», – деп жазды әнші.

Белсенді пікір жазған оқырмандарына сыйлығы бар екенін де атап өтті. 

Желіге жүктелген жаңа фотосуреттерде өнер иесі нәзік қызғылт түсті трикотаж көйлек пен жамылғы киген, ашық түсті сөмке ұстаған. Әншінің осы образына қарап, желі қолданушылары болашақ сәбиінің қыз екенін болжады.