Батыс Қазақстанда прокурор өз-өзіне қол жұмсады
Аталған ақпаратты облыстық прокуратура растады.
8 мамырға қараған түні Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында прокурор суицид жасаған, деп хабарлады Oimaqnews.kz turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
«Мой город» сайтының ақпаратынша, аудандық прокуратураның қызметкері өз үйінің ауласында өз-өзіне қол жасаған. Аталған ақпаратты облыстық прокуратура растады.
«Аталған факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр. Облыстық прокуратура болған жағдайға байланысты қайғыра көңіл айтады», – деп мәлімдеді қадағалаушы орган өкілдері.
Тергеудің мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.