Руханият

"Менің де әскери шенім бар": Мәдина Садуақасова әскери сала қызметкері екенін айтты

Ол бұл туралы әлеуметтік желіде жазды.

Белгілі әнші Мадина Сәдуақасова әскер шенінің барын мәлім етті, деп хабарлады Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

 «Мен де әскери сала қызметкерімін. Запастағы прапорщикпін. Алдымен қатардағы Сәдуақасова болдым. 2 жылдан кейін кіші сержант атағын алдым. Әрең дегенде прапорщик болғанда ол атағым жойылды. Содан кейін қайтадан запастағы кіші сержант болуға тура келді», – деп жазды әнші.