Әлем

Түркиядағы сайлау: Ердоған реванш алуға қауқарлы ма?

Түркияда алдағы жексенбіде жергілікті сайлау өтеді. Бұл сайлауда қазіргі президент Режеп Тайып Ердоғанның «Әділет және даму партиясы» мен Ұлтшыл қозғалыс партиясы бір коалиция ретінде әрекет етсе, оппозицияда ондай ұйымшылдық байқалмайды. Бірқатар сарапшылар 31 наурызда өтетін сайлауда билік партиясы 2019 жылғы жеңілістің реваншын алуға тырысатынын айтады.

Сонымен  Түркиядағы жергілікті сайлау 2024 жылғы 31 наурызда, жексенбі күні  өтеді. Әдетте жергілікті сайлауларда қалалар мен аудандардың, елдімекендердің әкімдері сайланады. 2019 жылы президент Режеп Тайып Ердоған  басқаратын «Әділет және даму партиясы» мен Девлет Бахчели  жетекшілік ететін Ұлттық қозғалыс партиясы біріккен «Республика коалициясы» елдегі бірнеше ірі қалада жеңіліп қалған еді. «Республикашыл  халық партиясы» бастаған «Ұлттық  коалиция»  кандидаттары Ыстамбул, Анкара, Измир, Адана, Анталия, Ескішехир, Едірне қатарлы бірқатар қалаларда жеңіске жеткен еді. Дегенмен 2019 жылғы сайлауда  «Республика коалициясы» Түркияның 30 ірі қаласының 15-іне әкімді өз жақтастарынан сайлауға қол жеткізді. «Ұлттық коалиция» болса 11 қалаға иелік еткен. Алайда ірі қалаларды басқару тізгіні оппозициягның қолына  өтіп кеткені  Режеп Тайып Ердоған мен серіктерін алаңдатқаны анық. Өйткені  Анкара  мемлекеттік орталық органдар мен шетелдік дипкорупс орналасқан,   халық саны жөнінен елдегі екінші қала  әрі  мемлекет астанасы болса,  Ыстамбул ірі қаржы орталығы әрі бизнес шоғырланған жер. Бұл қала Түркияның экономикалық әлеуетінің  үштен бірін құрайды. Ыстамбул тұрғындарының қолдауына ие болған саясаткердің мүмкіндіктері де  артады. Бұл қалада сөзі өтетін партияның  әлеуеті  де жақсарады. Ердоғанынң өзі  осы қаланың мэрі болып сайланған. Кейін үлкен саясатта мол табысқа жетті.  Алайда сөйткен ірі қаланың тізгіні 2019 жылы оппозицияның қолына өтіп кеткен еді. Қала билігі үшін күресте  дауыс беру екі рет  ұйымдастырылған болатын. Яғни жеңімпазды анықтау екінші турға қалған еді.  Енді міне, биліктегі партияның  оппозициядан реванш алу  мүмкінлдігі туып тұрған сыңайлы. Дегенмен нақты болжам айту қиын.

 

Ыстамбулды алғаны...

«Ердоғанның реванш алмақ ниеті» бар дейтін пікірді Германиядағы «Centre for Applied Turkey Studies –Түркияны қолданбалы зерттеу орталығы» дейтін  ұйымның маманы, доктор Синем Адар  айтқан.  Оның ойынша экономикалық саясаты тығырыққа тірелген һәм сайлаушылар арасындағы беделі төмендеп келе жатқан Ердоған  Ыстамбул муниципалитетінің мэрі, «Республикашыл  халық партиясының» үміткері Екрем Имамоғлун жеңу үшін барын салып жатса керек. Бұл мақсатқа  жету үшін  Ердоған қолындағы барлық  ресурсты пайдаланып жатыр. Медиа ресурстардан бөлек, министрлер, мемлекеттік қызметшілер де Екрем Имамоғлуның жеңіліп, Ердоған ұсынған үміткер Мұрат Курумның жеңуі үшін қолайлы  жағдай жасауға тырысып жатыр. Тіпті Ыстамбулдан  басқа жерлердегі митингтерде де Ердоған бұл қаланың маңызды екенін айтып қалып жүр. Айталық, Токаттағы митингте Түркия  президенті «Ыстамбулдағы жерлерсетріңізге  хабарласыңыздар» деді.

Синем Адар биліктегі  партия  муниципалитеттерде жеңіске жетсе, оппозицияның сағын сындырып, психологиялық тұрғыда басымдыққа ие болады. Мұндай жағдайда елде  автократиялық билік орнауы мүмкін. Әзірге  оппозиция  толық автократияның орнауына жол бермей тұр. Дегенмен биыл жағдай өзгеше болуы ықтимал. Оның бірнеше себебі де бар.

Біріншіден, биыл оппозицияның  бірлігі жоқ. Коалиция ыдырап кеткен. 2019 жылы Имамоғлун қолдаған IYI партия бөлек  әрекет етіп жатыр. Ал бұл партия күрдтердің дауысын көбірек жинауды көздейтін еді. Демек дауыс бөлінеді деген сөз. Оның үстіне былтыр «Республикашыл халық партяисының» жетекшілері ауысқан. Кемал Кылычдароғлу орнынан кетіп, Өзгүр Өзел төраға болған. Ал Кемал Кылычдароғлун жақтайтындар әлі де аз емес. Мәселен, бірер күн бұрын Ыстамбулда Кылычдароғлуның суреті салынған плакаттарды белгісіз біреулер әр жерге іліп кеткен. Онда «Сені ақраңнан пышақ  салғандарға дауыс берілмейді»  деп жазылыпты. Бұл плакаттарды шынымен  республикашылдар ілді ме, әлде биліктегі партияның ұйымдастырған әрекеті ме, нақты ешкім білмейді. Бірақ  репсубликашылдардың дауысын бөлшектеуге бағытталған шара екені анық.

BBC-ге пікір білдірген мамандар биылғы сайлаудың 2019 жылғыдан бөлек екеніне назар аударады. Биыл оппозицияның  бірлігі жоқ, сондықтан Мұрат  Курумның Ыстамбулда жеңіске жету ықтималдығы басым.

Алайда  Ердоғанның партиясынан жалыққандар да бар. Мәселен, «Жаңа әл-ауқат»  партиясы сайлауда аз да болса  «Әділет және даму партиясын» жақтаушылардың дауысын  бөліп кетеді. Оның үстіне экономкианың кері кетуі бәрібір өз әсерін тигізеді. Ыстамбулда  Сирия мен   Таяу шығыстың өзге елдерінен келген босқындар да көп екенін ескеру керек.  Еңбек нарығында олардың еңбекақы мөлшерінің төмендеуіне әсер еткені,  тым еркінсіп, алшаңдап кеткені,  қылмысты көбірек жасайтыны, қысқасы тым «ерке» болып кеткенін ескеру керек. Мұны қала тұрғындары жақтырмайды. Бұрын келімсектердің де  сайлауға қатысуына біршама  мүмкіндіктер жасалған сәттер кездескен. Биыл олай болмайтын сияқты. Халық өз талабын қоятын шығар. Дегенмен бұл фактор биліктегі партияға дауыс берушілер санын азайтуы мүмкін. Сондықтан  Ыстамбулдағы дауыс беру 2019 жылғыдай  екінші турға қалуы да ықтимал. Ал Анкарада Мансұр Яваштың  жеңіске жету  мүмкіндігі мол екені айтылып жатыр. Ол - республикашылдардың өкілі.

Измир, Едірне сияқты қалаларда республикашылдар  даусыз жеңуі мүмкін. Адана, Анталия қалаларында да жағдай  соалй болуы ықтимал. Өйткені  Түркияның  батыс аймақтарының тұрғныдары көбіне зайырлы ұстанымдағы, либерал болып келеді. Кемалистік идея да батыс өңірлерде кеңінен танымал. Әрі   ірі бизнес те батыс аймақтарда шоғырланған. Сондықтан ол өңірлер оппозицияға  сенім білдіреді әдетте. Ал Измирді  «республикашылдардың қамалы» деп атайды.

 

Экономикалық  жағдай да дауыс беруге әсер етеді

Негізі жергілікті сайлауда Ердоған басқаратын партияның ел бойныша басмыдыққа  ие боларына дау жоқ. Бірақ қара үзіп кете қоюы неғайбыл. Керісінше әр аймақта әртүрлі партияның  күш алуы мүмкін. Оңтүстік шығыста күрдтердің мүддесін қорғайтын  «DEM партия» алға шығуы мүмкін. Орталық пен шығыста «Әділет және даму партиясы»  оңтүстік пен батыста,  Түркияның еуропалық бөлігінде «Респубикашыл халық партиясы» басымдыққа ие болуы ықтимал. Арасныда  ұлтшылдар, IYI партия, «Жаңа әл-ауқат»  партиясығ Түркия коммунистік партяисы  тәрізді көп партияның өкілдері түрлі деңгейдегі лауазымдарды иеленуі ықтимал. Бізідң пайымдаумызша биыл  оппозция  жалпы алғанда тағы да ұтылады. «Әділет және даму партиясы»  шамамен 45-49% дауыс жинаса, республикашылдар  30-34%  сайлаушының көңілінен шығуы мүмкін. Өзге партиялардың ішінде 10% дауыс жинайтындар  табыла қоймас. Алайда жекелеген окрутарда, елдімекендерде  жағдай өзгеруі мүмкін. Біз тек ел бойынша  ықтимал  нәтижелерді алға тарттық.

Дегенмен  түрлі болжамдарды мүлдем жоққа  шығаратын оқиғалар да болуы  ықтимал екенін ескеру керек.  Себебі, Түркия қоғамында қазір сайлаудан шаршау бар.

DW- ге  пікір білдірген Германия Маршалл қорының  Түркия директоры  Өзгүр Үнлүхисаржыклы «Түркияда  сайлаушылар  саяси  итіс-тартыстан,  полюстанудан және сайлаулардан шаршады» деген  ой айтады.  Оның  ойынша «Әділет және даму партяисының» үміткерлеріне дауыс беру  тікелей Ердоғанды қолдағанмен бірдей дейтін  көзқарас қалыптаса бастаған. Көп адам  мэр болудан үміткер азаматтардың  бағдарламасына,  уәделеріне назар аудара бермейді. Сонымен бірге  ылғи уәде беріп, оны орындамайтын билік өкілдері де, ылғи «жеңеміз» деп, бірақ жеңіліп қала беретін оппозиция да  шаршатқан сыңайлы. Сондықтан  жексенбіде өтетін сайлауда нақты қандай нәтиже  болатынын болжау қиын.

Ал Ipsos Türkiye зерттеу орталығының мәліметтеріне сүйенсек,  қазіргі кезде түркиялықтардың 85%-і ең  үлкен әмселе экономика екенін алға  тартады. 74%-і инфляция  әлі де көтеріле  береді деген ойда болса, 71%-і соған сійкес пайыздық мөлшер өседі деген іпкірде. Түркиялықтардың 75%-і елдегі жалпы жағдайға көңілі толмайтынын білдірген. Демек сайлау нәтижелерін болжау оңай болмайын деп тұр. Егер кейбір  өңірлерде сайлау екінші турға қалса, дауы сберушілер саны азайып кетуі мүмкін. Мәселен  былтыр  мамырда өткен президент сайлауының алғашқы турына  дауыс берушілердің 87,04%-і қатысса,  екінші турына 85,71%-і келді.  Ыстамбул сияқты  ірі шаһарларда   дауыс берушілер белсенділігінің азая қалуы  көп дүниені өзгертіп жібереді.

Ердоғанның соңғы сайлауы ма?

Наурыздың  басында Түркия  президенті Режеп Тайып Ердоған биылғы жергілікті сайлаулар өзі үшін құқықтық тұрғыда соңғы сайлау екенін айтты. Дегенмен  сарапшылар Түркияда  конституция өзгеріп кетуі мүмкін екенін де жоққа шығармайды.  Яғни Ердоған үшінші мәрте  президент болуыдың жолын қарастырып жатқанға ұсқайды. Бірақ ол үшін  оппозицияны толық тұқырту  керек. Яғни биылғы жергілікті сайлауда оппозициялық күштерді  моралдық тұрғыда толық  күйретсе, Түркия ұлы ұлттық мәжілісінде бейтарап саясат ұстанатын депутаттар билік партиясының позициясын қолдауы ғажап емес. Онда  Мәжіліс заңды өзгертіп,  Ердоғанынң қайтадан  президент болып сайлануына мүмкіндік ашады.  Қазірдің өзінде  бұл бағыттағы  үгіт-насихат астыртып жүріп жатыр. Айталық Түркия ұлы ұлттық мәжілісінің вице-спикері  Бекір Боздағ  заң шығарушы  орган шешім қабылдаса  Ердоған  тағы бір рет  президенттіктен үміткер бола алатынын айтты. Х  платформасында ол «Егер Парламент президенттің екінші  мерізімінде сайлау өткізуге шешім қабылдаса,  президент  қайтадан үміткер бола алады» дейтін конституциялық норманы еске салды. Яғни Мәжіліс шешім қабылдаса,  Ердоғанның үшінші мәрте  президенттіктен үміткер ретінде сайлауға қатысуға құқы болады.  Түркияның бұрынғы әділет министрі Бекір Боздаг: «Күні ертең не болатынын білмейміз. Бәлкім уақыты келгенде ТҰҰМ  қайта сайлау өткізуге шешім қабылдап,  Президентімізге   үміткер болу жолын қайта ашатын шығар. Кім білсін?!»,-деп жазды.

Ал «Әділет және даму» партиясы төрағасының орынбасары әрі партияның баспасөз хатшысы Өмер Челик  Түркия президентінің «соңғы сайлауым» дегеніне астарлап болса да баға берді. «Президентімізідң саясатына қарағанс айын, біз орын тәжірибесіне куә боламыз. Өз  ісіне шынымен берілген, ғашық деуге болатындай. Біз  оның  бұл саясатының ұзақ жылдар бойы жалғасқанын  қалаймыз. Біз саясатты онымен бірге бастадық, онымен бірге жалғастырамыз. Соңына дейін осылай болады. Біздің мақсатымыз  халқымызға  ұзақ уақыт бойы  пайдамыз тиегені. Саяси жетекшілердің ішінде жастар сияқты әрекет етеді біздің президент»,-деді ол.

Айтпақшы, «Ұлттық қозғалыс партиясының» жетекшісі Девлет Бахчелі  саяси ұйымның  құрылтайында  Ердоғанға қарата «Кете алмайсың. Түрік халқыз жалғыз қалдырмайсың. Республика  коалициясы ретінде қасыңнан табыламыз»,-деді. Мұның өзі Түркия қоғамында қандай  саяси шешімдер қабылдануы мүмкін екенін көрсететін сияқты.