Отанымыздың гүлденуі мен өркендеуіне аянбай атсалысу – қастерлі борышымыз – Ерлан Қошанов
- авторОймақ
- 7 мамыр, 2025
- 55

– Құрметті отандастар! Сіздерді Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – мәні терең, маңызы зор мереке. Кең байтақ елімізді, қасиетті жерімізді қорғайтын Қарулы Күштеріміздің құрылған күні.
Мемлекетіміздің елдік дәстүрі дәріптелетін, айбынды армиямыздың алапат қуаты айғақталатын, азаматтарымыздың Отанға адал қызметі айшықталатын сәт. Сондықтан да еліміздің әрбір азаматы үшін бұл күннің берер тағылымы ерекше.
Еліміздің тұтастығы мен тұрақтылығын сақтау, жеріміздің бүтіндігі мен шекарамыздың беріктігін күзету, Отанымыздың гүлденуі мен өркендеуіне аянбай атсалысу – қастерлі борышымыз. Әлемдік геосаяси ахуал күрделеніп, түбірлі өзгерістер жүріп жатқан қазіргі жаһандық жағдайда мұның өзектілігі тіпті артып отыр.
Бұл ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің қорғаныс қабілетін күшейту және әскери қызметкерлерді қолдау қашан да мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала беретінін әрдайым айтып, тұрақты назарында ұстап келеді.
Осы жолда баршаңызға мықты денсаулық, қажымас қайрат пен мұқалмас жігер тілеймін. Еліміздің айбыны асқақ, болашағы жарқын болсын!, – деп жазды Ерлан Қошанов Facebook-тағы парақшасында.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.