сейсенбі, 6 мамыр, 2025 16:52

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Qazaq Air компаниясы атауын өзгертпек

Qazaq Air компаниясы атауын өзгертпек
qazaqair.com
Компанияның акциясын жаңа инвестор Sovico Group сатып алған

Qazaq Air компаниясы енді VietJet Kazakhstan деп аталмақ. Компанияның акциясын жаңа инвестор Sovico Group сатып алған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме эасап. 

Бүгін Астанада өтіп жатқан дөңгелек үстелде Қазақстан – Вьетнам тарапы осындай келісімге қол қойды.                       

«Келісім кешенді жекешелендіру жоспарының аясында жасалды. Сатып алушы - Sovico Group компаниясы. Келісімнің барлық шарттары орныдалды, төлем алынды, акциялары инвестордың дербес шотына берілді», - деді «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Бұл серіктестік Қазақстан мен Вьетнам арасындағы экономикалық байланысты нығайтады. 2024 жылдың мамырында Вьетнамның Sovico Group холдингі Qazaq Air компаниясын сатып алуға ниетті екені белгілі болған. Желтоқсанда «Самұрық – Қазына» АҚ инвесторлар консорциумымен Qazaq Air акцияларын сату – сатып алу келісімшартына қол қойылғанын хабарлады. Инвестор әуе компаниясын дамытады. Алдағы бірнеше жылда Boeing 737 Max немесе Airbus A321 маркалы 20 ұшақ қоспақ.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар