Қоғам

Қуандық Бишімбаевқа қатысты тағы екі сот процесі болмақ

Бұл туралы оның адвокаты Ерлан Ғазымжанов мәлімдеді.

24 жылға бас бостандығынан айырылған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты тағы екі сот процесі болмақ. 

Бұл туралы оның адвокаты Ерлан Ғазымжанов мәлімдеді.

“Біріншісі – алимент төлеу мәселесі. Қаржы көлемі Бишімбаев табыс тауып тұрған кезде бекітілген. Қазір ол жұмыссыз, сонда да сол соманы қалай төлейді? 

Екіншісі – моральдық өтемақыға байланысты. Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді бұл талаппен жеке шағым түсірген”, – дейді адвокат Ерлан Ғазымжанов.

Еске сала кетейік, осыған дейін біз Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Газымжанов сотталған экс-министрдің бұрынғы жұбайы Назым Қахарман мен Бишімбаевтар отбасы арасындағы алимент дауына қатысты мәлімдеме жасағаны туралы жазған болатынбыз.