Қоғам

Жезді кентінде де төтенше жағдай жарияланды

Бір түнде он үйді су басты.

 

Ұлытау облысы Жезді кентінде де төтенше жағдай жарияланды.

Бір түнде он үйді су басты. 

Ауыл тұрғындарын эвакуациялау басталды. Жергілікті билік те зардап шеккендерге жәрдемдесіп жатыр. 


“Зардап шеккен барлық отбасылар қауіпсіз жерге эвакуациялануы керек. Бұл мәселені түске дейін шешуді тапсырамын. Мердігер анықталып, тиісті сараптама жүргізілгеннен кейін келтірілген залал өтеледі”, - деді өңір басшысы.

Қазіргі уақытта ол жерде жергілікті атқарушы органдардың 15 қызметкері, төтенше жағдайлар департаментінің 50-ге жуық қызметкері және полиция департаментінің 30-дан астам қызметкері жұмыс істеуде. Барлығы 13 бірлік техника мен 3 сорғы тартылған.