"Ақша сұрап, күш қолданады:" Алматы облысы білім беру мекемелеріндегі жағдай алаңдатады
Бұл туралы бала құқытары жөніндегі уәкіл Динара Закиева мәлімдеді.
Алматы облысында білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмыстары мен балалар қауіпсіздігіне қатысты елеулі проблемалар тіркелді. Бұл туралы Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева жүргізілген тексерістер нәтижесінде мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Облыс оқушыларының арасында анонимді сауалнама жүргіздік, сондай-ақ олардың анкеталары зерттелген. Нәтижелері бізді селт еткізді.
Сондай-ақ Жамбыл ауданының бір мектебінде балалар қорқынышты көріністі сипаттаған. Зәкиеваның сөзінше, төменгі сынып оқушылары жоғары сынып оқушыларын көргенде қолдарын ақша беру үшін бірден қалталарына салады екен, әйтпесе оларға күш қолданылады дейді. Балалар 5-сынып оқушысын топ болып ұру, насыбай қолдану (ол кейде жерде жатады деп жазған) туралы да жазған.
Бұдан бөлек көптеген жағдайларда мектептердің өздері анкетада буллинг, ақша бопсалау және өзге де құқыққа қайшы әрекеттер бойынша оң жауаптар берілгеніне қарамастан, қорытынды анықтамада мұндай жағдайларды 0% деп көрсеткен.
Сонымен қатар Динара Зәкиева облыста тәрбие бағдарламаларын және қабылданған заң нормаларын іске асыру деңгейі төмен екенін атап өтті.