сейсенбі, 29 сәуір, 2025 20:15

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қызылша жұқтырған бала көбейді: ауруға шалдыққандардың көбі вакцина салдырмаған

Қызылша жұқтырған бала көбейді: ауруға шалдыққандардың көбі вакцина салдырмаған
Сурет: aikyn.kz
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Биыл 1363 бала қызылша жұқтырған. Ауруға шалдыққандардың 75 пайызы вакцина салдырмаған,деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Қызылша жұқтырған балалардың ең көбі Жамбыл облысында тіркелген. 300-ге жуық бала ауырған. Екінші Астана, үшінші кезекте Ақмола облысы. Дегенмен, мамандар биыл қызылша жұқтырғандардың саны былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда айтарлықтай аз деді. Мәселен, былтыр 21 мыңнан аса бала қызылшамен ауырған”, – делінген министрлік хабарламасында.

Сондай-ақ көкжөтелге шалдыққан балалардың да саны былтырғымен салыстырғанда едәуір азӨткен жылы 550-ге жуық, биыл 183 жағдай тіркелген. Олардың 89 пайызы екпе салдырмаған. Сондықтан мамандар дер кезінде екпе алуға кеңес береді.

“Бұл енді ауа тамшылары арқылы жұғатын вирусты инфекция болғандықтан өте тез, әрі жылдам тарайды. Мұны тек вакцинамен ғана тоқтата аламыз. Негізінде қызылшаға қарсы екпе 1 жаста және 6 жаста салынады. Көкжөтел де дәл сол сияқты.”, – дейді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының бас маманы Эльмира Құрбанбекова

Еске сала кетейік, елімізде еуропалық иммундау апталығы басталды. 3 мамырға дейін бір апта бойы түрлі ауруларға қарсы егілетін вакциналардың маңызы түсіндіріледі. Еуропалық иммундау апталығын 53 мемлекет қолдап отыр. Жалпы елімізде инфекциялық ауруларға қарсы 21 вакцина салынады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар