Жаңа Рим Папасын таңдау рәсімі 7 мамыр өтеді
Конклавқа 80 жасқа толмаған 135 кардинал қатыса алады.
Бұл шешім 28 сәуірде кардиналдардың жабық жиналысында қабылданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты CNN-ге сілтеме жасап.
Кардиналдар конклавты бастау және бүкіл әлемдегі 1,4 миллиард католиктер үшін жаңа понтификті сайлау күні ретінде 7 мамырды таңдап отыр.
Жалпы қауымдар – Папа Франциск қайтыс болғаннан кейін шіркеу мәселелерін және конклавқа дайындықты талқылау үшін жиі өткізілетін жабық жиналыстар.
Папа Франциск 21 сәуірде 89 жасқа қараған шағында инсульттен көз жұмды. Оның жерлеу рәсімі 26 сәуірде Әулие Петр алаңында өтті.
Қаралы жиынға 200 мыңнан астам адам қатысты. Папаның соңғы тілегі бойынша, Римдегі Санта-Мария-Маджоре базиликасында жерленді.
Конклавқа 80 жасқа толмаған 135 кардинал қатыса алады. Сайлау Сикстин капелласында өтеді, онда кардиналдар жабық есік жағдайында дауыс береді. Әр дауыс беруден кейін түтін шығарылады: қара түтін – шешім қабылданбағанын, ақ түтін – жаңа Папа сайланғанын білдіреді.