Бірінші Қарабақ соғысында жоғалған 73 адамның есімі анықталды
Жуырда Әзербайжан тарапы бірінші Қарабақ соғысында із-түзсіз кеткен 73 адамның есімін жариялайды. Бұл туралы Әзербайжан мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің бастығы, генерал-полковник Әли Нагиев айтты.
Ресми медиаға сұхбат берген Ә.Нагиевтің сөзінде қарағанда Мемлекеттік қаупсіздік қызметі әскери тұтқындар, кепілге алынғандар мен із-түзсіз кеткен азаматтар ісі бойынша құрылған мемлекеттік комиссия жұмысын үйлестіреді. Сондықтан бірінші Қарабақ соғысында із-түзсіз кеткендер жайлы деректерді анықтауда бұл қызметтің рөлі зор.
Әли Нагиев қазіргі кезде бірінші Қарабақ соғысында із-түзсіз кеткен азаматтар ретінде Мемлекеттік комиссияға тіркелген 3890 адамның тағдырын анықтау бойынша қарқынды жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Комиссия азат етілген аймақтарда аталған азаматтар көмілуі мүмкін орындарды анықтау, эксгумация жасау және кім екенін тану үшін бел шеше кіріскен.
«Қолға алынған іс-шаралар нәтижесінде із-түзсіз кеткен 107 адамды идентификациялаудың мүмкіндігі туды. Олардың 34-інің есімін жарияладық. Олардың арасында 1992 жылдың қаңтарында «Дашалты» операциясы кезінде із-түзсіз кеткен Әзербайжанның халық батыры Риад Ахмедов де бар Қалған 73 адаманың аты-жөнін жуырда жариялаймыз»,-деді Әли Нагиев.
Естеріңізге салсақ 1992-1994 жылдар аралығында болған бірінші Қарабақ соғысында Әзербайжанның 4740 азаматы із-түзсіз кеткені жайлы дерек тіркелген. 2005 жылды ңқыркүйегіне дейін Армения 1378 адамды тұтқыннан босатқан. Дегенмен 2021 жылдың тамызында Мемлекеттік комиссия із-түзсіз кеткендердің саны 3890 адам екенін жариялады. Олардың 719-ы әскери қызметке қатысы жоқ бейбіт тұрғын.